Мектеп тарихы » «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы орта мектеп»
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2020

Мектеп тарихы



Сұлу Сырдария өзенінің бойында халық бұдан V-VI ғасыр бұрын қоныстанғаны тарихи деректерден белгілі. Осы жылдары «Жұт жеті ағайынды» деген халық бірнеше қиыншылық кездерді бастан кешірген.

Патшалы Ресейдің отарлау саясатын жоңғар шапқыншылығын конпескілеу әр жылдары қайталанып отыратын құрғақшылық жылдары болған ашаршылықты, 1935-37 жылдары қуғын – сүргінді Ұлы Отан Соғысын бастан кешірген.

          Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында халық санына байланысты 1929 жылы алғашқы мектеп лекбез болып құрылған. 1932 жылы бастауыш мектеп негізі қаланған. Сол кездегі колхоз парторгі Сүтемгенов Әжіқұл парторг және мектеп диреторы қызметін атқарған.

          1935 жылы қаңтарда Шәуілдір ауданы құрылғаннан кейін, Түркістан аймағына қараған Шеңгелді ауылы осы ауданға біржола беріледі. 1936 жылы Шеңгелді мектебінде жаңа жай салынады. Халық санының өсуіне байланысты 7 жылдық болып қайта құрылды. Қиыншылық жылдары 1939 жылы бастауыш мектеп болды. 

1951 жылы «Шеңгелді» жеті  жылдық мектеп болып құрылып, онда Жүзжанов,  Сағынтаев,  Ескермес, Әбубәкіров Мақсұтхан, Қабылбеков Кәміл, Кәрібаев Төрехан және Жаңабаев Әлмахан деген кісілер мұғалім болып істеген. 1958 жылдары халық санының азаюына байланысты бастауыш мектеп болып, онда Әпизов Мәсіп, Сейілов Самса сынды мұғалімдер қызмет атқарған.

1971 жылы «Шәуілдір» совхозының директоры Әбибулла Әсілбеков үш шопан үйі есебінен қазіргі мектеп жайын салдырған. 1971 жылы 15 тамызда «Шеңгелді»   сегіз  жылдық мектеп болып, 1991 жылы «Шеңгелді» орта мектебі болып құрылды. 2010 жылы 29 желтоқсанда жаңа жай салынып, пайдалануға берілді. Күні бүгінге дейін қаншама шәкірттер түлеп ұшты. 

Олар елімізде өмірдің әр саласында еңбек етуде.